Cайлау комиссиялары туралы ақпарат

Мемлекет басшысының 20 қаңтардағы № 181 Жарлығына сәйкес 2016 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлауы тағайындалды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23 бабына сәйкес ҚР шет елдердегі мекемелері жанында учаскелік сайлау комиссиялары құрылды.

Ресей Федерациясының аумағында жүрген ҚР азаматтары Астрахань қаласы, Акварельная 2 «Б» мекен-жайында орналасқан ҚР Астрахань қаласындағы консулдығының ғимаратында ашылған №241 сайлау учаскесінде өзінің сайлау құқығын жүзеге асыра алады.

Заңның 25 бабы 1 тармағына сәйкес шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанындағы сайлау учаскелерi бойынша тиiстi шет мемлекетке жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарға келген Республика азаматтары учаскелiк сайлау комиссиясына өтініш жасаған жағдайда және олардың Қазақстан Республикасы азаматы деген жарамды паспорты болса, сайлаушылар тiзiмiне енгізіледi.

Сайлау учаскесінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00 ден 20.00-ге дейін сайлау учаскелерінде өткізіледі.

№241 учаскелік сайлау комиссиясының төрғасы ҚР Астрахань қаласындағы консулы Асхат Үрістемұлы Сыздықов, сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары ҚР Астрахань қаласындағы консулдығының кеңесшісі Бекжан Зерекбайұлы Әліқұлов.

Байланыс телефондары: +7(8512) 25-18-85;
+7(964)883-44-77

Электрондық байланыс: astrakhan@mfa.kz

Сведения об избирательных участках за рубежом СКАЧАТЬ