н4-1

Қазақстан дамуға ресми көмек ұлттық жүйесі шеңберінде пилоттық жобаны бастады

Ауғанстан Үкіметіне дамуға ресми көмектің қазақстандық жүйесі аясындағы алғашқы жобасы таныстырылды. Осы мақсатта Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Мемлекеттік қызмет және жерқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері кіретін еліміздің делегациясы 2017 жылғы 12-17 ақпан аралығында Қабыл қаласына барды. Топ құрамына Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) кеңсесінің өкілі де кірді.

Қабылда таныстырылған жоба ауған әйелдерінің экономикалық дербестігін нығайтуға және бұл елдің азаматтарын Қазақстанда Ауғанстан үшін сұранысқа ие мемлекеттік басқару және ерекше көзделген ана мен бала денсаулығын сақтау саласына бағытталған азаматтарын оқытуды көздейді. БҰҰДБ және Жапония жобаны іске асырудағы әріптестер болып табылады және бұл бастаманы қаржылай қолдауды қамтамасыз етіп отыр. Қазақстан өз кезегінде жобаның басты идеясы – еліміздің жетекші білім беру мекемелерінің тәжірибесі мен тәсілдерін ауған азаматтарына беруді жүзеге асырады. Жобаны іске асыру туралы уағдаластық 2015 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэнің бірлескен мәлімдемесінде жапонияның үкімет басшысы Қазақстанға жасаған сапары кезінде көрсетілген.

Қабыл қаласында Қазақстан өкілдері Ауғанстан қаржы министрінің орынбасары Мохаммад Мастурмен, Ауғанстан әйелдер істері жөніндегі министрдің орынбасары Вардак Спомжаймен, Ауғанстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ахмед Жан Наиммен, сондай-ақ БҰҰДБ елдік кеңселері мен Ауғанстандағы халық қонысы жөніндегі БҰҰ Кеңсе басшылықтарымен кездесулер өткізді. Ауған өкілдерімен жобаны талқылау барысында Қазақстан делегациясын бастаған ҚР СІМ Сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры Олжас Исабеков «адам капиталын дамыту бойынша күш барынша адал; олар қабылданатын шешімдер мен өткізілетін реформалардың құзыреттілігіне жауап беретін болады»: деп байыптады. СІМ өкілінің сөзінше, аталған жоба 1000 ауған студентін Қазақстанның ЖОО-да 2020 жылға дейінгі оқыту бастамасын үйлесімді толықтандырады.

Ауған тарапы Қазақстан көрсетіп отырған көмекке алғысын білдірді және өз еліндегі жағдайды терең болжам негізінде жобаның тиімділігі туралы бірқатар құнды ұсыныстарын айтты. Мәселен, әйелдер істері жөніндегі министрдің орынбасары В. Спомжай айтарлықтай даму проблемалармен кезігетін Ауғанстанның өңірлеріне ерекше назар аударуға кеңес берді. Оның себептерінің бірі – тәжірибелі мамандардың жоқтығы. Ауғанстан денсаулық сақтау министрлігінде жаңа жобаның өзектілігін атап өтті және толықтай қолдау көрсетуге дайын екендіктерін растады.

Ауғанстан жаһандық күн тәртібінде тұрақты даму бойынша ерекше орын алады. Ауғанстанды қайта қалпына келтіру Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшесі ретіндегі басымдықтарының бірі болып табылады.

2014 жылдың желтоқсанында Қазақстанда алғаш рет «Дамуға ресми көмек туралы» Заң қабылданғанын еске сала кетеміз.