н2-1

Сингапурда Қазақстанның туризм мүмкіндіктері мен «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі ұсынылды

2017 жылғы 17-19 ақпанда Сингапурда Туристтік агенттерінің ұлттық ассоциациясы (National Association of Travel Agents of Singapore) ұйымдастырған «NATAS Travel Fair» атты мерейтойлық 50-ші туристтік көрме өткізілді. Жәрмеңке барысында Сингапур жұртшылығына Қазақстанның туризм әлеуеті мен 2017 жылдың басты іс-шарасы «ЭКСПО-2017» Халықарылық көрмесі таныстырылды.

Осымен, Қазақстан аталған көрмеге үшінші рет қатысып отыр. «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» атты павильонын Қазақстан Республикасының Сингапурдағы Елшілігі ұйымдастырған.

Қазақстандық павильонның негізгі серпіні еліміздің туристтік әлеуетін Сингапур жұртшылығы және туристтік операторлары мен агенттері арасында таныстыруға және «ЭКСПО-2017» көрмесіне тартуға бағытталған.

Сингапурдың туристтік агенттерінің ұлттық ассоциациясының Президенті Дэвиндер Ори қазақстандық павильонды аралау барысында сингапурлық туристердің Қазақстанға ағынын айтарлықтай артқандығын, оның үстіне, Сингапурдың «ЭКСПО-2017» Көрмесіне қатысатынын ескере отырып, Астанадағы ЭКСПО көрмесінің ұйымдастырылуы әлемдік туристік нарығында Қазақстанға қатысты қызығушылыққа оң серпінін тигізетіндігін баса айтты.

Іс-шараның өткізілуінің үш күні ішінде Көрмені 111 мыңнан астам адам келіп көрді. Қазақстандық павильонда 8 мыңнан астам көруші тамашалады.