Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

Əңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко екіжақты ынтымақтастықтың мейлінше өзекті тақырыптарын талқылады.

Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі мен оның бұдан əрі дамуының мəселелері жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ, екі елдің көшбасшылары алдағы кездесулердің кестесін қарастырды. Атап айтқанда, Қазақстан Президенті Беларусь Президентін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне жəне Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына шақырды.